Жаңа жылға арналған тақпақтар болса?
Жаңа жылға арналған тақпақтар болса?
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Сіздің сұрағыңыз

2017 жылғы ораза (рамазан) кестесі / Таблица расписание ораза (рамазан) за 2017 год
Санаттар
- Авто, Мото
- Қаржы, Бизнес
- Жұлдыз жорамал, Сиқыр, Балгерлік
- Ойын, Көңіл-көтеру
- Тағам, Аспаздық
- Танысу, Махаббат
- Компьютер, Интернет
- Денсаулық, Әдемілік
- Ғылым, Білім
- Қыдыру, Демалыс
- Жұмыс, Мансап
- Жанұя, Үй, Балалар
- Спорт
- Тауарлар, қызыметтер
- Философия
- Заң, Кенес
- Басқа
- Қазақ тілі
- Музыка, Ән
Өзекті сұрақтар
- ваш вопрос
- Тест 9 сынып 222 бет жауаптарымен агылшын
- Сіздің сұрағыңыз
- Сіздің сұрағыңыз
- Сіздің сұрағыңыз
- қақырық түсіру жолдары?
- Көздің қызарғанын қалай басуға болады?
- Очередь в садик Жиренше Айша-Биби Дастан кызы 03.02.2016 года рожденья